Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ақтөбеге Nordwind Airlines ұшағы шұғыл қонды
Жаңалықтар

Ақтөбеге Nordwind Airlines ұшағы шұғыл қонды

27.05.2025
1 мин
0
101
Сурет: ru.sputnik.kz

Ресейдің Nordwind Airlines әуе компаниясына тиесілі Boeing-777 ұшағы бүгін Ақтөбе халықаралық әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бұл рейс Екатеринбург – Сочи бағыты бойынша орындалған.

Flightradar24 мәліметінше, ұшақ Қазақстан әуе кеңістігінен өтіп бара жатқанда, Мұқыр ауылының үстінен бағытын өзгертіп, апаттық белгі берген. Сағат 12:40-та әуе кемесі жерге сәтті қонды.

Белгілі болғандай, бортта 564 жолаушы болған. Қонудың басты себебі – борттағы бір жолаушының жағдайының күрт нашарлауы. Жерге қонған бойда жедел медициналық қызмет пен әуежайдың апаттық бригадасы ұшаққа шұғыл жіберілген.

Өкінішке қарай 1983 жылы туған жолаушы әйел ұшақ қонбай жатып көз жұмған. Бұл ақпаратты Ақтөбе әуежайының ресми өкілі растады, алайда басқа деректер жария етілген жоқ. Қазіргі уақытта өзге жолаушылар ұшақ ішінде қалуда.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл