Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ақылы учаскелерінде орнатылған камералар жылдамдық шегін бекіту үшін пайдаланылмақ. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Амангелді Бековтың айтуынша, бүгінде елде 2200 шақырым ақылы жол бар, оларға ақша жинауды қамтамасыз ету үшін арнайы камералар орнатылған.
«Енді жылдамдықты өлшеу үшін осы камераларды қолдануды жоспарлап отырмыз. Біз оларды Ішкі істер министрлігінің жүйесімен байланыстырғымыз келеді. Сол арқылы қозғалыстағы көліктердің жылдамдығын жіберіп отырады», - деді билік өкілі.
Бековтың айтуынша, бүгінде камералар Астана-Бурабай тасжолында жылдамдықты шамадан тыс асырып жатқанын тіркеп, жүргізушілерге айыппұлдар салынған. 2030 жылға дейін жылдамдықты бұзу автоматты түрде тіркелетін республикалық маңызы бар 11 мың шақырым жолды ақылы ету жоспарланған.
фото: tengrinews.kz