Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
021 жылы еліміздегі ақылы жолдардан 8 млрд теңге қаржы түскен. Ол табыс қайда кетіп жатыр? Аталған сауалға «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының ақылы жолдар дирекциясы директорының орынбасары Сәкен Әділбеков жауап берді.
«Өткен жылдың қорытындысы бойынша ақылы жолдардан 8 млрд теңге төңірегінде қаржы түсті. Тұтынушылар тарапынан ақылы жолдан түскен табыс қайда кетіп жатыр? деген сауал туындап жатады. Ақылы жолдардан түскен ақы, сол жолдарды күтіп баптау мен сапасын арттыра түсуге жұмсалады. Мысалы, бір ақылы жол бекетін алайық. Ол бекетті фото және бейнебақылау камерасымен қамту, сондай-ақ бекетке электр желісі мен интернет тарту мәселесі бар. Одан бөлек, бекет аумағында метеостанция қою мәселесі қаралып жатыр. Ол дегеніміз не? Өздеріңіз білесіздер, еліміздің солтүстік аумағында қыстыгүні бір облыстың өзінде ауа райы әртүрлі болып жатады. Яғни Ақмола облысының бір ауданында боран болса, басқа ауданда аяз соғып тұрады. Біз бүгінде ауа райын өзіміз анықтап, жеткізіп отырамыз. Алдағы уақытта ол жұмыс метеостанцияның көмегімен автоматты түрде анықталатын болады», - деді Сәкен Әділбеков «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы ұйымдырған баспасөз туры барысында.
Оның айтуынша, ақылы жолдардан түскен қаржының 80 пайызы сол жолдарды дамыта түсуге жұмсалады.
«Өткен жылдың қараша айында еліміздегі ақылы жолдардың қатары тағы 7 жол учаскесімен толықты. Әрине, жолды ақылы еткеннен кейін, оның сапасы мен инфрақұрылымы соған сәйкес болуы керек. Міне, ақылы жолдан түскен қаражат жол сапасын арттыруға жұмсалып жатыр. Әрине, жолдан түскен табыс бойынша салық төленеді. Дегенмен түскен қаржының дені жолды күтіп-баптауға бағытталады», - дейді ол.