Brent
100.41
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Әр өңірден келген 1000 музыкант бір сахнада өнер көрсетті
Жаңалықтар

Әр өңірден келген 1000 музыкант бір сахнада өнер көрсетті

21.05.2023
1 мин
0
554

«Астана Опера» театрында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған ауқымды мерекелік кеш өтті. Тұңғыш рет өткізіліп отырған айтулы іс-шара аясында сахнада бір уақытта еліміздің әр өңірінен келген 1000-нан астам музыкант өнер көрсетті, деп хабарлайды Dauletten.kz Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Концерттік бағдарламаға еліміздің өңірлерінен келген 24 шығармашылық ұжым өкілдері қатысты. Хор ұжымдары, оркестрлер, виртуоз аспапшылары, опера және халық әншілері атақты скрипкашы, дирижер және композитор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Марат Бисенғалиевтің «Ұлы дала әуені» атты одасын бірге орындады.

Бір апта бойы еліміз бойынша концерттер, көрмелер, дөңгелек үстелдер және басқа да барлығы 100-ден астам іс-шара өтті. Сондай — ақ, 300 мәдениет қызметкері «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен, 2000-ы Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталды. Асхат Оралов бүгінгі концерт мерекелік іс-шаралардың керемет кульминациясы болғанын және осындай кештер бұдан былай жақсы дәстүрге айналатынына сенім білдірді.

фото: МСМ Баспасөз қызметі

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
102
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл