| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Арал теңізі аймағындағы экологиялық жағдайды жақсартуға арналған бірқатар маңызды шешімдер қабылданды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Арал теңізі мәселесін шешу және өңірдің экологиялық ахуалын тұрақтандыру мақсатында төрт негізгі құжатқа қол қойылды.
Бұл шешімдер Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында бекітілді. Жиында өңір елдеріне ортақ экологиялық және әлеуметтік-экономикалық түйткілдер талқыланып, оларды еңсерудің жаңа бағыттары қарастырылды.
Соңғы үш жылда Қазақстанның ұйымға төрағалығы барысында нақты нәтижелерге қол жеткізілді. Осы кезеңде іске асқан бастамалар Арал маңының экологиялық жағдайын жақсартуға ықпал етіп, оның алғашқы нәтижелері халықтың тұрмыс сапасы мен өңір экономикасынан көріне бастады.