| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қостанай облысының Арқалық қаласында өткен той қонақтарының арасында жаппай тамақтан улану дерегі тіркелді. Салдарынан 85 адам ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, улану белгілерімен тұрғындар 20–23 қазан аралығында Жангелдин және облыстық ауруханаларға жүгінген. Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, мейрамхана жұмысы уақытша тоқтатылды.
Мамандардың айтуынша, зардап шеккендер арасында жеті бала және бір жүкті әйел бар. Үш адам ем қабылдаудан өз еркімен бас тартқан.
- Оқиға орнына санитарлық авиация арқылы инфекционист, терапевт және педиатр дәрігерлерден құралған мамандар тобы жіберілді. Барлық науқастардың жағдайы тұрақты, өмірлеріне қауіп жоқ, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айдана Бүркітбаева.
Қазір уланудың нақты себебі анықталып жатыр. Санитарлық қызмет өкілдері зертханалық тексеру жүргізіп, мейрамханадағы тағам үлгілерінен сынама алған.