Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Әскерде жараланған Ербаян Мұхтардың ісі бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Dauletten.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Тергеу жүргізіліп жатқанын сарбаздың адвокаты Инга Иманбай мәлім етті. Инга Иманбайдың айтуынша, Ербаян Мұхтардың ісі бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғалған. 1 қазан күні қаулы шығып, негізгі қылмыстық істен бөлек, қараған дәрігерлердің іс әрекетіне қатысты қылмыстық іс тіркеліп, тергеу басталды. Ол іс бойынша да сараптама тағайындалған.
Айта кетейік, Отан алдындағы борышын өтеуге барған Ербаян өткен жылы әскерде жүріп ауыр жарақат алған. Ербаян Мұхтар жақында Түркияға Қорғаныс министрлігінің арнайы бортымен жеткізілді. Сарбаз Ыстанбұлға аман-есен жетіп, “Медикал-Парк” клиникасына жатқызылған. Ол жақта Ербаян қажетті ем қабылдап жатыр. Жағдайы тұрақты.