| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан Қарулы Күштерінде жыл басынан бері тіркелген өлім жағдайларынан кейін жауапты тұлғаларға қатысты кадрлық шешімдер қабылданды. Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қайғылы оқиғаларға байланысты бірқатар командирдің қызметінен босатылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов Қарулы Күштерде орын алған өлім жағдайларына байланысты ресми мәлімдеме жасап, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен жақындарына көңіл айтты.
Министрдің айтуынша, қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін армияда шұғыл әрі жүйелі шаралар қабылданған. Атап айтқанда, әскери тәртіп пен қауіпсіздік талаптары күшейтіліп, атыс жаттығулары мен оқу сабақтары кезінде сақтық шаралары қатаңдатылды.
Сонымен қатар жеке құрам толық психологиялық тексеруден өткізілуде. Әскери қызметшілердің қызметтік және кәсіби дайындығы қайта бағаланып, командирлер мен сержанттардың жауапкершілігі арттырылды. Оқыс жағдайлардың алдын алу басты басымдық ретінде белгіленді.
Әскери бөлімдерде жан-жақты тексерулер жүргізіліп, бейнебақылау жүйелері енгізілуде. Құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында профилактикалық шаралар күшейтілді. Сондай-ақ әскери қызметшілердің туыстарымен тұрақты бейнебайланыс қамтамасыз етілді.
Барлық оқиғалар бойынша кадрлық және тәртіптік шаралар қабылданды. Бөлім командирлері мен олардың орынбасарлары қызметінен босатылып, кейбір қолбасшылар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.