| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Әскерге бармағандарға әкімшілік және қылмыстық жаза қарастырылған, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ақорда кулуарында журналистер министрден Отарда жағы сынған сарбазға қатысты жағдайды және әскердегі мәселелердің шешілу барысын сұрады.
Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
- Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Тергеу кезінде ақпарат бере алмаймыз. Командир қызметінен кетті, – дейді министр.
Сонымен қатар, Дәурен Қосанов әлеуметтік желіде тараған әскерге бармай қойған жастарды бірден түрмеге алып кетуі мүмкін деген ақпаратқа да тоқталды. Оның сөзінше, мұндай жағдайларда заң аясында тиісті шаралар қабылданады.
- Әскерден қашқан жігіттер туралы ақпаратты ішкі істер министрлігіне береміз. Олар сосын іс қозғайды. Алдымен әкімшілік іс қозғалады, қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Қандай жаза қарастырылатынын сот шешеді, – дейді министр.
Министр әскердегі тәртіп пен заң талаптарын сақтау басты назарда екенін атап өтті.