Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Әскери колледжді үздік аяқтағандар жоғары әскери оқу орындарына бірден екінші курсқа түседі
Жаңалықтар

Әскери колледжді үздік аяқтағандар жоғары әскери оқу орындарына бірден екінші курсқа түседі

21.02.2024
1 мин
0
373
Фото: ortcom.kz

Әскери колледжге (Астана қ.) оқуға түсетін жылы 15 жасқа толған, бірақ 17 жастан аспаған, 9-шы сыныпты аяқтаған жасөспірімдер қабылданады. Оқу мерзімі 2 жыл 10 айды құрайды. Кәсіпқой - сержанттарды даярлау ҚР Қарулы Күштері үшін талап етілетін үш мамандық, төрт біліктілік бойынша жүзеге асырылады.
Астана қаласының Әскери колледжінің бастығы полковник Ғазиз Түлеушевтің айтуынша, оқуды бітірген азаматтар «кіші сержант» әскери атағын, «В» және «С1» санатындағы жүргізушілерді даярлау курстарын аяқтағаны туралы куәлікті алады және әскери бөлімдерге 100% жұмысқа орналасады.

«Әскери колледжде оқуды үздік аяқтаған азаматтар жоғары әскери оқу орындарына бірден екінші курсқа түсуге құқылы және қысқартылған оқу бағдарламасы бойынша оқуын жалғастырады. Колледжден кейін әскери институттарға түсетін азаматтар колледжде оқу кезеңінде өткізілетін рейтингтік іріктеу нәтижелері бойынша ҰБТ тапсырмай қабылданады», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл