Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Әскери қызметшілерге қолдау көрсететін AI-sulu Telegram-боты іске қосылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Астанада әскери психологтар жиналысында жасанды интеллект негізінде әзірленген AI-sulu Telegram-боты таныстырылды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл жаңа қызмет әскери қызметшілер мен олардың отбасыларына күйзеліс және қиын жағдайларда тәулік бойы анонимді түрде көмек көрсетуге арналған.
– Психология – әскердің жауынгерлік дайындығын қамтамасыз етудің маңызды элементі. Әскери қызметшілермен және олардың отбасыларымен тиімді жұмыс істеу армияның моральдық күшінің негізі болып табылады, – деді Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары вице-адмирал Серік Борамбаев жиынды ашу кезінде.
Оның айтуынша, қазіргі заманның талаптары инновациялық цифрлық шешімдерді енгізуді қажет етеді. Солардың бірі – AI-sulu боты. Ботты Ұлттық әскери-патриоттық орталығы ақпараттық бөлімінің бастығы майор Қасымхан Туитин таныстырды.
– AI-sulu тірі маманның орнын алмастыра алмайды, бірақ ол қиын сәттерде алғашқы көмек көрсетіп, тыңдай отырып, қажетті кеңес пен ресурстарға бағыттай алады, – деп атап өтті Туитин.