Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Әскери міндетін анықтайтын мәртебесі адамның «жеке кабинетінде» көрсетіледі.
Бұл әскери билеттерді дайындауға жұмсалатын бюджет қаражатын үнемдеуге, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді. Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев ведомствоның осындай бастамасы туралы айтып берді.
Бұдан басқа, ел ішінде тұрғылықты жерін ауыстырған кезде азаматтарды әскери есепке қою және әскери есептен шығару тіркеу мекен жайы бойынша автоматты түрде жүзеге асырылады, бұл азаматтарды әскери комиссариаттарға жүгіну қажеттілігінен босатады.
«Бұл бастамалар техникалық тұрғыдан іске асырылды, қазір заңнамаға сәйкес келтіру жұмыстары жүргізілуде», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.