Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ұлытау облысында көліктен 15 келі марихуана тәркіленді
Жаңалықтар

Ұлытау облысында көліктен 15 келі марихуана тәркіленді

15.09.2025
мин
0
126

Ұлытау облысында полиция күдіктілерден марихуана тәркіледі, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Полиция қызметкерлері Жезқазған – Қызылорда тас жолында көлікті тоқтатып, сату үшін басқа өңірлерден әкелінген ірі көлемдегі есірткіні анықтады. Облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері арнайы бөлімшелермен бірлесіп, “Қарасора — 2025” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Mercedes-190 көлігін тоқтатты. Көліктің жүксалғышын тексеру кезінде газ жабдығының астынан скотчпен оралған екі целлофан қап табылды. Ішінен ерекше иісі бар өсімдік тектес зат шыққан.

Сараптама тәркіленген заттың жалпы салмағы 15 келі болатын марихуана екенін растады. Тергеу мәліметінше, есірткі басқа өңірлерден әкелініп, кейін сату үшін жоспарланған. Қара нарықтағы мұндай партияның бағасы шамамен 3 миллион теңгеге бағаланады.

Есірткіні сақтау және тасымалдау күдігімен 43 және 27 жастағы екі адам ұсталды. Оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл