Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Әскерилердің баспана мәселесін шешуге бағытталған заң қабылданды
Жаңалықтар

Әскерилердің баспана мәселесін шешуге бағытталған заң қабылданды

09.03.2022
1 мин
11
1742

Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызмет және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілердің тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына Сенаты енгізген өзгерістермен келісті.

«Парламент Мәжілісі аталған заң жобасын 2021 жылдың 29 желтоқсанында мақұлдаған болатын. Биылғы 3 наурызда Сенат жалпы отырыс өткізіп, сенаторлар осы заң жобасына келесі екі өзгерісті енгізді: бірінші - әскери қызметшілердің қару қолдануын белгілейтін «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңның 6-бабы 2-тармағының қолданыстағы редакциясының сақталуын, екінші – заң жобасына Мәжіліс тарапынан жаңадан кіргізген 6,1-бабының әскери қызметшілердің дене күшін, жауынгерлік күрес тәсілдерін, арнайы құралдар мен қаруды қолданатынын белгілейтін «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заң жобасынан алынып тасталуын. Бұл өзгерістер әскери қызметшілердің құқықтарын реттеу мәселелерінде кешенді тұрғыда келуде қамтамасыз ету қажеттігіне байланысты. Сенат енгізген түзетулер Мәжіліс мақұлдаған заң жобасының тұжырымдамасын өзгертпейді», - деді Мәжіліс депутаты Ерлік Тайжанов.

Осы орайда Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті заң жобасына Сенат енгізген өзгерістермен келісуді ұсынды.

Құжатты қарау кезінде палата депутаттары бұл ұсынысқа қолдау білдірді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, өткен аптада Сенат депутаттары заң жобасын талқылау барысында әскери қызметшілердің құқықтарын реттеу мәселелерінде кешенді көзқарасты қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңның 6-бабы 2-тармағының қолданыстағы редакциясын сақтау бөлігінде өзгерістер енгізу қажеттілігі туындады. Осы орайда құжатты талқылаудан кейін, Сенат енгізген түзетумен заң жобасы Мәжіліске қайтарылды.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
11 Пікір
Д
Дуйсенкуль 10.03.2022
Военныйлардын ипотекадагы үйінің 50%толеймиз деп сөз қозғалған. Ол аяқсыз қалды. Биз озимиз ипотекаға үй алғанбыз жилстройсбербанк арқылы. Жолдасым 1 айдан соң пенсияга шығады. Ипотекадагы үйіміздің 50%төлей ма? Пенсионный фондта акшалары ол жоқ, экспога алған. Осы сұраққа жауап берсе. Пенсияга шыққанда бұларға сонда не береді, не алады?
Жауап беру
З
Зухра 09.03.2022
Баспана туралы вообще ештеңе жоқ қой?
Жауап беру
Р
Роза 09.03.2022
Дым тусинбедим
Жауап беру
А
Аяулы 09.03.2022
Калган пенсионкасын ипотекасын жабуға немесе бастапкы жарна ретінде счетына аударса дұрыс болар еді
Жауап беру
З
Зауре 09.03.2022
Мына мақалада баспана туралы сөз қозмалмаған ғой. Тақырыпқа сай мәлімет емес .
Жауап беру
Д
Динара 09.03.2022
Даулеттен деген халыктын созимен сойлим деп журетин еди копировать вставить ететин болыпты...
Жауап беру
М
Мейрамкул 09.03.2022
Дурыс айтасыз тақырыпқа сай емес
Жауап беру
А
Айжан 09.03.2022
пенсионныйларын кайтарсын.канша жылгы енбек
Жауап беру
Б
Бота 09.03.2022
Военныйлардын пенсионный фонттарын кашан кайтарады ЭКСПО бітті емеспа
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл