Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Əскери қызметшілерге бастапқы жарнасыз ипотекалық кредит беру бағдарламасы әзірленіп жатыр. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды Dauletten.kz сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
«Отбасы банк» АҚ əскери қызметшілердің тұрғын үйді сатып алуға бастапқы жарнасының сомасын төмендету мақсатында əскери қызметшілерге бастапқы жарнасыз ипотекалық кредит беру бағдарламасын əзірлеп жатыр. Президент Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша Үкімет тұрғын үй төлемін жүзеге асыру бойынша қолданыстағы тəсілдерді қайта қарауды жүзеге асырады», - деп атап өтеді Әлихан Смайылов жауабында.
Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта тұрғын үй төлемін жүзеге асыру үшін қажетті қаржы көлемі нақтыланып жатыр.
«Мүдделі мемлекеттік органдар қатарынан жұмыс тобы (Қаржымині, ҰЭМ, БП, МКҚ, ҰҚК, ҚМА, СЖҚА, ІІМ, Қорғанысмині, ТЖМ, ПМК) қажетті қосымша қаржыландыру көлемін бағалау, сондай-ақ тұрғын үй төлемінің қолданыстағы тетігін жетілдіру, оның ішінде олардың мөлшерін орташаландыруға бағытталған кешенді шараларды дайындау үшін тұрғын үй төлемінің қолданыстағы тəртібіне жəне бар проблемалық мəселелерге талдау жүргізуде»,- деді Үкімет басшысы.