Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Астана: 24 тұрғын жалған курьерге алданып, 3 млн теңге қаражытынан айырылып қалды
Жаңалықтар

Астана: 24 тұрғын жалған курьерге алданып, 3 млн теңге қаражытынан айырылып қалды

09.01.2023
1 мин
0
626

Елорданың 24 тұрғыны жалған курьерге алданып, 3 млн теңгеден астам шығынға ұшырады, деп хабарлайды Dauletten.kz сайты ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме беріп.

«Астана қаласының полиция қызметкерлері алаяқтық әрекеттер жасады деген күдікпен 26 жастағы Көкшетау тұрғынын анықтады», - деді Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек апталық брифингте.

Ер адам Яндекс мобильді қосымшасында тіркелген. Курьер қызметі сылтауымен ол астаналықтардың 3 млн 600 мың теңгеден астам ақшасын иемденген.

«Күдікті тапсырыс берушіден өтінімді қабылдап, дүкенге жаңа тауар алуға барған, бірақ клиентке жеткізбей, өзі иеленіп отырған. Алданған қала тұрғындары курьердің ұялы телефонына хабарласа алмаған. Сондай-ақ, ол ұялы телефондар, ноутбуктер, сымсыз құлаққаптар және басқа да құрылғыларды меншіктеп алған», - деді ресми өкіл.

Алаяқтық әрекеттердің барлық фактілері бойынша ҚК-тің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оның мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл