Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгін бірнеше әлем елінің басын қосқан Астана халықаралық форумының екінші күні өтіп жатыр, деп хабарлаqды Dauletten.kz.
Форумның екінші күнінде заманауи қоғамның проблемалары мен шешу жолдарын талқылап, инновациялық технологиялар әсері, креативті экономика, жалған ақпараттың ықпалы, әйелдердің көшбасшылығын қолдау сынды өзекті мәселелер көтерілді.
Креативті экономика тақырыбы бойынша ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров блогинг туралы өз пікірін білдірді. «Қазақстанда блогерлік дамып келе жатыр. Алайда тұрақты оқырманы бар блогерлер, инфлюинсерлер адамдарды қаржы пирамидаларына таруы мүмкін. Бұл макроэкономикаға зиян тигізеді», - деді ол.
Форум бір уақытта бірнеше баяндама жасалып, тікелей эфирде көрсетіліп жатыр.
фото: sputnik.kz