Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанның екі қаласында – Астана мен Алматыда ұлттық бейнемониторинг жүйесі іске қосылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
ІІМ мәліметінше, жоба Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп әзірленген.
- Жасанды интеллект технологиясын қолданатын ұлттық бейнемониторинг жүйесі іздеудегі адамдарды тануға, қоғамдық орындарда ұмытылған заттар туралы хабарлама жіберуге, құқық бұзушылықтарды автоматты режимде тіркеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар “компьютерлік көру” жүйесі автокөліктерді маркасы, моделі мен түсі бойынша анықтауға мүмкіндік береді, – делінген хабарламада.
Ақпаратта ақылды камералардың назарында теміржол вокзалдары, әуежайлар, қонақүйлер, көшелер, жол айрықтары, СОО сияқты объектілердің тұрғаны айтылған.
- Цифрлық “қорғаншылар” өз тиімділігін көрсетті. Астанада өткен Көшпенділер ойындары кезінде толқында жоғалып кеткен балаларды және есепте тұрған, із-түссіз жоғалған адамдарды жедел тауып алуға мүмкіндік болды, – деп толықтырды министрлік.
ІІМ мәліметінше, бейнеанализ жүйесінің көмегімен Астанада 46 іздеудегі құқық бұзушыны жылдам анықтап, ұстауға мүмкіндік алды. Ұқсас жұмыстар Алматыда да жүргізілуде, бүгінгі күні 30 адам ұсталды.
Ведомство бұл жүйелердің Қытайда, Ресейде және Еуропа елдерінде белсенді қолданылып жатқанын атап өтті. Келешекте бейнемониторингті кеңейтіп, камералар санын көбейту жоспарлануда. Бұл кезең-кезеңмен жүзеге асырылмақ.
Құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша, елде меншік түріне қарамастан 1 миллион 359 мың бейнемониторинг камерасы бар, оның 310 мыңы ЦОУ және полицияның кезекші бөліміне қосылған.