Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
"Астана" мен "Челси" ойынына байланысты Алматыда Орталық стадионға тегін автобустар ұйымдастырылады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
12 желтоқсан күні сағат 20:30-да Алматы қаласының Орталық стадионында UEFA Конференция лигасы аясында "Астана" мен "Челси" футбол командаларының кездесуі өтеді.
Футбол жанкүйерлері үшін стадионның есігі 18:00-де ашылады. Алматы қаласының әкімдігі жанкүйерлерге стадионға кіру кезінде кептеліс болмас үшін ертерек келуді және қоғамдық көліктерді пайдалануды ұсынады.
Көлік қозғалысын шектеу:
Қалалық әкімдіктің ресми мәліметі бойынша, көлік кептелісін болдырмау мақсатында 12 желтоқсан күні сағат 18:30-дан 00:00-ге дейін Абай даңғылының Байтұрсынов көшесінен Мұқанов көшесіне дейінгі аралығында қозғалыс шектеледі. Сонымен қатар, Байтұрсынов көшесінен Байзақов көшесіне дейінгі Сәтбаев көшесі толық жабылады. Жақын маңдағы көшелерде патрульдік полиция бекеттері жұмыс істейді.
Тегін автобустар:
Жанкүйерлердің стадионға және кері қайтуын жеңілдету үшін 8 тегін автобус маршруты ұйымдастырылады. Әр маршрутта 10 автобус қызмет көрсетеді. Жиналу нүктелерін 2GIS сервисі арқылы анықтауға болады.
Автобус бағыттары:
Автобустар сағат 16:00-ден бастап толуына қарай жолға шығады.
Қосымша ақпарат:
Әкімдік жанкүйерлерге барлық қажетті жағдай жасалатынын хабарлады.