Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астана-Петропавл тас жолындағы оқиғаға қатысты "ҚазАвтоЖол" мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
2025 жылғы 3 қаңтарда сағат 07:20-да ауа райының бұзылуына байланысты "Астана-Петропавл" республикалық маңызы бар автожолының 18-232 шақырым аралығындағы учаскесінде көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Ауа райының жақсаруына және жолды тазалауға байланысты сағат 12:30-да полиция департаментінің қызметкерлерінің және "ҚазАвтоЖол" компаниясының арнайы техникасының сүйемелдеуімен Астана қаласына қарай қозғалыс жүргізілді.
Алайда, алдын ала мәліметтер бойынша жүргізушлердің тарапынан жылдамдық режимі мен арақашықтықты сақталмауына байланысты сағат 13:28-де автожолдың 153 шақырымында (Жаңаталап ауылының маңы) 95 автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды.
Оқиға орнында полиция департаментінің және "ҚазАвтоЖол" компаниясының мамандары жұмыс істеп жатыр. Қазіргі таңда бір жолақ тазаланып, жүруге жарамды көліктер қозғалысты бастады.