| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қарағанды облысында бүгін 7 көліктің қатысуымен ірі жол-көлік оқиғасы тіркелді. Апат салдарынан бір жолаушы оқиға орнында қаза тауып, бір жүргізуші түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Астана – Қарағанды тас жолында ірі жол апаты болды. Куәгерлердің хабарлауынша, соқтығыс кезінде бірнеше көлік қатты зақымданған.
Апат салдарынан бір жолаушы алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. Сондай-ақ бір жүргізуші түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Құзырлы органдар жол-көлік оқиғасының нақты себебін анықтау үшін тергеу жұмыстарын жүргізуде.
Жол апаты салдарынан тас жолдың белгілі бөлігі уақытша жабылып, полиция көліктердің қозғалысын бақылауға алды. Сарапшылар жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығын тағы бір рет еске салды.