Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елордада күн райының жылынуымен көгалдандыру маусымы басталады. Бұл жұмыс сәуір айының басында бастау алған экологиялық айлық аясында жүзеге асырылады. Осы уақыт ішінде қаланың барлық ауданында 3,5 мыңнан астам ағаш пен бұта отырғызылды. Бұл ретте жапырақты ағаш түрлеріне басымдық беріледі. Бұл туралы қалалық әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Елорданың саябақтарында, гүлзарларында және басқа да ашық алаңдарында жаз мезгіліне дайындық басталды. Ағаштар мен бұталарды санитарлық кесу, әктеу жұмысы жүргізілуде. Сондай-ақ коммуналдық қызметтер қаланың субұрқақ кешендерін консервациялауда.
«8 сәуірден 6 мамырға дейін елордада «Жасыл Астана» эко-айлығы өтеді. Оның аясында бірнеше сенбілік жоспарланды. Мәселен, еңбек ұжымдарының, қала тұрғындарының, ШОБ өкілдерінің көмегімен полигонға 800 тоннадан астам қалдық шығарылды», – делінген хабарламада.
Жалпы ауданы 4 млн шаршы метр болатын саябақтар мен скверлерді жинау жүргізілді. Экологиялық айлыққа 15 мыңға жуық адам, 400-ден астам кәсіпорындар мен ұйымдар, ПИК және МИБ ұжымдары, шағын және орта бизнес субъектілері және т.б. қатысты.
Осы сенбіде, 29 сәуірде Астанада жалпықалалық сенбілік өтеді. Оның барысында ұйымдар мен кәсіпорындардың ұжымдары өз аумағында ағаш отырғызады, қоқыс жинайды, сондай-ақ су айдындарының маңын тазартады. 3 мыңнан астам ағаш пен бұта отырғызу жоспарланды.
2023 жылы бас-аяғы миллион жасыл желек (бұталар, ағаштар, көшеттер және т.б.) отырғызу жоспарланып отыр. Оның барысында жапырақты ағаш түрлеріне артықшылық беріледі.
Фото: inbusiness.kz