Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астана-Семей бағыты бойынша қатынайтын вагондар жаңартылды. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлім етті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Көлік министрлігі отандық вагондар паркін жаңартуды жүйелі түрде жалғастырып жатыр. Мәселен, Астана-Семей бағытында қатынайтын N121/122 жолаушылар пойызының құрамы жаңартылды. "Арай Транс KZ" ЖШС жеке тасымалдаушысы үш жаңа жолаушылар вагонын сатып алды: екі плацкарт және бір купе.
Вагондар ауаны баптау жүйесімен, био-дәретхана кешендерімен, USB коннекторы бар гаджеттерді қуаттауға арналған розеткалармен және тағы басқа қажетті заттармен жабдықталған.
Биыл жеке тасымалдаушы 350 мыңнан астам жолаушыны тасымалдады.