Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Астанада 3000 рубик текшесінен Абайдың алып портреті жасалды
Жаңалықтар

Астанада 3000 рубик текшесінен Абайдың алып портреті жасалды

11.08.2025
1 мин
0
153
Сурет: елорда әкімдігі

MEGA Silk Way сауда және ойын-сауық орталығында ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған ерекше арт-инсталляция ұсынылды. Шығармашылық жоба аясында ақынның бейнесі 3000 рубик текшесімен құрастырылды, - деп хабарлады Dauletten.kz.

Биіктігі 3 метр, ені 2 метр болатын портретті спидкубер жастар небәрі 5 сағатта жинап шықты. Жобаның бастамашысы Әлихан Ертұрсынның айтуынша, Рубик текшесі логика мен шығармашылықты біріктіретін өнер туындысына айналды. 

- Осы арқылы ұлттық болмысты заманауи тәсілмен жеткізуді мақсат еттік, – деді ол.

"Абай әлемі" атты мәдени бағдарлама екі күн бойы көрерменді поэзиялық кештермен, шығармашылық қойылымдармен қуантты. 

Мыңдаған келуші жастардың креативтілігіне жоғары баға беріп, ұлттық мұраға құрметті айқын сезінді.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, бұл жоба – Абай мұрасын жаңаша танытуға арналған тың қадам. Мақсат – жас буынның ұлттық сана мен елдік құндылықтарды терең ұғынуына ықпал ету.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл