Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 78 жылдығына орай, Астанада бірқатар мерекелік шара ұйымдастырылады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына жазды, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Елордада 7 және 9 мамыр мерекесіне орай, 50-ден астам іс-шара өткізу жоспарланып отыр.
Атап айтқанда, 8 мамырға дейін Әскери-патриоттық музейде оқушыларға тегін экскурсиялар өткізіледі. Отан қорғаушылар күніне орай мектептер мен колледждерде ертеңгіліктер, бірыңғай сынып және кураторлық сағаттар, «Отан үшін от кешкендер» әскери қызметшілермен тақырыптық кездесулер ұйымдастырылады.
2-10 мамыр аралығында «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында Жеңіс күніне арналған әндер, өлеңдер мен қолөнер байқауы өткізіледі.
5 мамыр күні «Демеу» қайта әлеуметтендіру орталығы Отан қорғаушылар туралы фильм көрсетеді.
5 мамыр күні сағат 11:00-де «Үміт» дағдарыс орталығында Жеңіс күніне орай тәрбие сабағы жоспарланып отыр. Сағат 15:00-де белсенді ұзақ өмір сүру орталығы көркемөнер ұжымдарының қатысуымен «Ерлік ізі өшпейді» концертіне шақырады.
5-8 мамыр аралығында білім беру ұйымдарында «Арамыздағы ардагер» челленджі басталады. Ал, №50, 60, 80 және 52 мектептерде «Қанды соғыс туралы шағын әңгімелер» атты танымдық дәрістер өтеді.
5-8 мамыр аралығында Сәкен Сейфуллин мұражайында Отан қорғаушылар күніне арналған «Ел қорғаны – Ұландар» көрмесі өтеді.
6-9 мамыр аралығында елорданың барлық ауданында мерекенің басты рәміздерінің бірі – естелік төсбелгілер мен Жеңіс ленталарын тарату акциясы өтеді.
7 мамырда мерекелік концерттер «Бәйтерек» – «ОТАНЫМ – АМАНАТЫМ» монументінің жанында сағат 18:00-ден 22:00-ге дейін және Nomad City Hall - «Жеңіс жолы» ғимаратының жанында сағат 12:00-де өтеді. Сағат 15:00-де және 19:00-де Музыкалық жас көрермен театры «Гауһартас» музыкалық драмасына шақырады.
7-9 мамыр аралығында Үркер тұрғын алабында №5573 әскери бөлімі үрмелі аспаптар оркестрінің далалық асханасы мен концерті ұйымдастырылады. Осы күндері «Ақжол» аула клубы концерттік бағдарлама ұсынады.
7-9 мамыр аралығында әскери оркестр ардагерлерді өз үйінің ауласында Жеңіс күні мерекесімен құттықтайды.
8-11 мамыр аралығында Сәкен Сейфуллин мұражайында Қ. Қайсеновтің 105 жылдығына арналған «Ұлы жеңіс батырлары және Қасым» экспозициясы жұмыс істейді.
8 мамырда соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері үшін қала аулаларында дәстүрлі жылжымалы концерт ұйымдастырылады. Сағат 18:00-де Qazaqstan ОКЗ сахнасында Еркеш Шакеевтің Eastwest in Astana мерейтойлық авторлық концерті басталады.
8 мамыр күні сағат 19:00-де Nomad City Hall-да көрермендер Д. Исабековтің «Тыныштық күзетшісі» драмасын тамашалай алады.
9 мамырда «Отан Ана», Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Мәншүк Мәметова, Талғат Бигелдинов, Әлия Молдағұлова, Иван Панфилов ескерткіштеріне, қаза тапқан жауынгерлерге арналған монументалды кешенге гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.
9 мамыр сағат 14:00-ден 17:00-ге дейін Есіл жағалауындағы амфитеатрда «Отанға қызмет – ұлы құрмет» концерттік бағдарламасы ұйымдастырылады. 9 мамырда спортсүйер әуесқойлар Триатлон паркіндегі жеңіл атлетика эстафетасына қатыса алады.
9 мамыр сағат 19:00-де музейде «CHANEL №5» деректі драмасы ұсынылады.
11 мамыр күні сағат 12:00-де «Ардагер» халық хоры Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Біз бұл күнді есте сақтаймыз» концертімен өнер көрсетеді.
11 мамыр күні кешке «Жастар» сарайының залында «Астана» эстрадалық симфониялық оркестрі өнер көрсетеді.
17 мамыр күні сағат 12:00-де «Соғыста да ән шырқалған» әдеби-музыкалық композициясы өтеді.
23 мамыр күні сағат 15:00-де тыл еңбеккерлерімен кездесу ұйымдастырылады.
Фото: Egemen.kz