Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Астанада 800-ге жуық жарнама алынып тасталынды
Жаңалықтар

Астанада 800-ге жуық жарнама алынып тасталынды

03.08.2023
1 мин
0
448
Фото: kazpravda.kz

Елордада қала келбетін дизаин-код бойынша ретке келтіру жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Бір апта ішінде қала бойынша 800-ге жуық заңсыз ілінген маңдайша мен жарнама банері алынып тасталды, деп хабарлайды Dauletten.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Әкімдіктің хабарлауынша, маңдайшалар мен жарнама банерлерінің алынып тастауының бірден бір себебі – олардың бәрі 2019 жылы бекітілген Астана дизайн кодына сәйкес келмейді.

Нұра ауданының әкімдігі «Астана-Жарнама» КММ-мен бірлесіп 9 тұрғын үй кешенінде («Құлагер» ТК, «Жағалау-3» ТК, «Құлагер-2» ТК, «Көркем Tower» ТК) орналасқан ШОБ субъектілерінің тілдер туралы заңның сақталуы және заңсыз жарнаманың (дизайн-кодқа сәйкес келмейтін) жойылуын тексеріп шықты. Нәтижесінде 26-28 шілде күндері 91 жарнама мен 30 маңдайша демонтаждалды.

Сол сияқты заңсыз жарнамалар мен маңдайшаларды алып тастау туралы 36 хабарлама беріліп, 3 тұрғын үй кешенінде орналасқан («Aru Qala» ТК, «Манхэттен» ТК, «Манхэттен» ТК) маңдайшаларды дизайн кодқа сәйкестендіру бойынша іс-қимыл алгоритмі табысталды.

Сондай-ақ Сарыарқа ауданында заңсыз ілінген 382 жарнама мен маңдайша алынып тасталды.

Байқоңыр ауданында жыл басынан бері аппарат қызметкерлері түсіндіру және заңсыз жарнамаларды бөлшектеу бойынша 40-тан астам көшпелі іс-шара өткізді. Қорытындысы бойынша бүгінгі күні 300-ге жуық заңсыз жарнама объектісі бөлшектелді.

Қалған аудандарда да осы бағыттағы жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Осылайша, бір апта ішінде әкімдік қызметкерлерінің жұмысының нәтижесінде дизайн-кодқа сәйкес келмейтін 800-ге жуық заңсыз ілінген баннерлер мен маңдайшалар алынып тасталды.

Айта кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айында қала мәслихатымен дизайн-код бекітілген. Алайда пандемия басталып жұмыс кейінге шегерілген. Ал 2023 жылдың 4 сәуірінде Астана қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Президент көше жарнамасын орналастыруға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды күшейту туралы тапсырма берген болатын.

Осы бағыттағы жауапты міндет «Астана-Жарнама» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелді. Қазіргі уақытта ғимараттардың немесе құрылыстардың қасбетіне маңдайшаларды орналастыру тұжырымдамасы әзірленді. Онда бизнес өкілдеріне елорданың сәулеттік сәнін бір стильге келтірудің үлгісі көрсетілген. Урбанистика орталығы мен әкімдік қызметкерлері әр ауданның кәсіпкерлерімен кездесу ұйымдастырып, тұжырымдаманы талқылады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл