Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елордада қоғамдық тәртіпті бұзудың алдын алу жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Астана әкімдігінің хабарлауынша, кезекті заңбұзушылық 1 қыркүйек күні тіркелген.
Hyundai Accent автокөлігінің жүргізушісі Атырау көпіріне шығып, жол ережесін өрескел бұзған. Бұл әрекеті айналасындағыларға құрметсіздік танытып қана қоймай, қоғамдық тәртіпке қауіп төндірді.
Полиция дерегінше, азамат ҚР ӘҚБтК-нің 434 және 437-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен 10 тәулікке қамауға алынды.
Құқық қорғаушылардың айтуынша, мұндай оқиғалар қоғамға қатер төндіреді. Жыл басынан бері Астанада ұсақ бұзақылық пен вандализм үшін жүзден астам адам жазаланған.
"Заң және тәртіп" қағидаты аясында прокуратура мен полиция вандализмге қарсы бірлескен шараларды жалғастыруда. Өзгенің мүлкін әдейі бүлдіргендерге 60 АЕК-ке дейін айыппұл немесе 30 тәулікке дейін қамау жазасы қарастырылған.