Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Астанада аутизм тақырыбын арқау еткен «Құштар» қойылымының премьерасы өтті
Жаңалықтар

Астанада аутизм тақырыбын арқау еткен «Құштар» қойылымының премьерасы өтті

31.10.2025
мин
0
107
Сурет: Қойылым премьерасынан

Астанада 29 қазан күні инклюзия тақырыбын қозғайтын «Құштар» қойылымы көпшілік назарына ұсынылды, – деп хабарлайды Dauletten.kz.

Өнер мен қоғамды тоғыстырған бұл ерекше жоба көрермен жүрегіне жол тапты. Қойылым заманауи қоғамдағы аутизм мәселесін терең қозғай отырып, түсіністік пен жанашырлықтың маңызын айшықтайды.

Жобаның мақсаты – өнер тілі арқылы әлеуметтік теңдік пен өзара құрмет құндылықтарын дәріптеу, инклюзия мәдениетін қалыптастыру және ерекше жандардың қоғам өміріне белсенді араласуына серпін беру.

Пьесада ана мен аутизм спектріндегі баланың нәзік байланысы шынайы суреттелген. Эмоция мен шындыққа толы сахна көріністері көрерменді бейжай қалдырмады.

Туынды «ÓzgeEpic» креатив хабының, Сенат жанындағы Сарапшылар клубының және «Талдау мектебі» түлектерінің бірлескен бастамасы аясында жүзеге асқан.

Жоба жетекшілері — Мақпал Жұмабай мен Тоғжан Құрманжанқызы,

драматург — Әлішер Рахат,

режиссер — Шырын Мұстафина.

«Құштар» қойылымы — қоғамдағы инклюзия ұғымын кеңінен танытып, әлеуметтік әділеттілік пен өзара сыйластық құндылықтарын насихаттауға бағытталған мәдени жоба.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл