Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Астанада «Азамат» бағдарламасының жаңа маусымына іріктеу басталды
Жаңалықтар

Астанада «Азамат» бағдарламасының жаңа маусымына іріктеу басталды

10.12.2025
мин
0
144
Сурет: «Азамат» бағдарламасының іріктеуінен

2025 жылдың 6-7 желтоқсанында Астанада Хабар арнасының «Азамат» интеллектуалды бағдарламасының екінші маусымына алғашқы іріктеу кезеңі өтті, - деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Astana IT University-де өткен шараға Астана мен Қарағанды қалалары, сондай-ақ Ақмола, Қостанай, Ұлытау және Солтүстік Қазақстан облыстарынан жүзге жуық студент қатысты.

Іріктеу барысында қатысушылардың ойлау дағдысы, дәлелді сөйлеу қабілеті, білімділігі, азаматтық ұстанымы және көшбасшылық қасиеттері бағаланды. Алғашқы кезең жоғары деңгейде ұйымдастырылып, студенттер өз мүмкіндіктерін көрсетуге толық мүмкіндік алды.

Жаңа маусымға қатысушыларды таңдау үшін желтоқсан мен қаңтар айларында еліміздің алты өңірінде республикалық турнирлер өткізіліп, жеңімпаздар республикалық чемпионатқа жолдама алады.

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенті Мейрамбек Талғатұлы:

- Бұл бағдарламаға қатысу – менің көптен бергі арманым. Дебат тек жарыс емес, бұл өз ойыңды дәлелдеп, жаңа мүмкіндіктер ашуға жол береді. Қоғам алдында сенімді сөйлеу және пікіріңді нақты жеткізу – азаматтық мәдениеттің маңызды бөлігі, – деді ол.

Бағдарламаның мақсаты – жастардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту, пікірсайыс мәдениетін кеңейту және өз ойын ашық жеткізе білуді үйрету.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл