Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елордада қалалық қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы көктемгі дератизация жұмысы бастайды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында айтылды, деп хабарлайды Dauletten.kz
Кеміргіштерді жою жеке секторды және ашық аумақтарды (саябақтар, зираттар, өзен жағасы, су қоймалары мен каналдар) қамтитын болады.
Қала тұрғындары арнайы улы препараттарды тегін алады, сондай-ақ сол жерде қауіпсіздік жөнінде нұсқаулары өткізіледі. Мамандар тұрғын үйлерді 3 тур (дезинфекторлар жеке секторларға 3 рет кіреді) бойынша өңдейді. Оның барысында 28 мыңнан астам тұрғын үйді өңдеу жоспарланып отыр.
Ескерте кетейік, үй иелері сақтық шараларын сақтап, улы препараттарды балалардың қолы жетпейтін жерлерде: жертөлелерге немесе үйдің төбесіне орналастыру керек.
Фото: market.kz
Сонымен қатар, дератизация ашық алаңдарда жүргізілетін болады. Улы препараттарды орнату өзендердің, каналдардың, су айдындарының маңында, зираттарда, саябақтарда жүргізіледі. Өңделетін ашық аумақтардың ауданы 3264 гектарды құрайды.
Кеміргіштер санын азайту және аса қауіпті жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау мақсатында жүргізілетін шараларға ҚР-да қолдануға рұқсат етілген құрамында бромадиолон және бродефор препараттарын қамтитын дән түріндегі улы препараттар пайдаланылады.