Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Астанада экс-спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановқа қатысты сот үкімі жарияланды
Жаңалықтар

Астанада экс-спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановқа қатысты сот үкімі жарияланды

19.05.2025
1 мин
0
48
Сурет: kazfootball.kz

Астанада экс-спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановқа қатысты сот үкімі жарияланды. Оған қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, қаржы жымқыру дерегі бойынша тағылған айып дәлелденіп, үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді, - деп хабарлайды Dauletten.kz. 

- Ерлан Қожағапанов ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Оған өмір бойы мемлекеттік қызметте, сот және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Ұлттық банк пен оның құрылымдарында, ұлттық холдингтер мен ұлттық компанияларда лауазым атқаруға тыйым салынып, үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы белгіленсін, – делінген сот қаулысында.

Жаза мерзімі Қожағапановтың қамауға алынған күні – 2024 жылғы 1 наурыздан бастап есептеледі. Бір тәулік қамауда ұсталуы 1,5 тәулікке тең деп саналады.

Бұл іс бойынша екінші айыпталушы, «Success К» компаниясының директоры Ләззат Көккөзова ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі («Алаяқтық») бойынша кінәлі деп танылып, бес жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, оған жеті жыл бойы басшылық қызметтер атқаруға тыйым салынды.

Еске салайық, ҚК-нің 361-бабына сәйкес, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген немесе оған теңестірілген тұлғаның қызмет мүдделеріне қайшы әрекет етіп, өзіне не өзгеге пайда, артықшылық әкелуі, не өзге адамдарға зиян келтірсе және бұл айтарлықтай зардаптарға алып келсе, мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдар мен қызметтерді атқару құқығынан өмір бойына айырылады және жеті жылға дейін бас бостандығы шектеледі немесе сол мерзімге бас бостандығынан айырылады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл