Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Астанада
Жаңалықтар

Астанада "Елорда жастары" тұрғын үй бағдарламасы басталады

24.08.2024
1 мин
0
613

2024 жылғы 4 қыркүйек сағат 9:00-ден бастап 2024 жылғы 10 қыркүйек сағат 23.59-ға дейін «Елорда жастары» жеңілдікті кредиттеу бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталады, – деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Өтінімдерді қабылдау электронды түрде birge.astana.kz порталы арқылы жүзеге асырылады.

Бұл бағдарлама «Отбасы банк» АҚ арқылы елордада бастапқы/қайталама нарықта өз пәтеріңізді сатып алуға мүмкіндік береді.

Бағдарлама бойынша банк беретін кредиттік қарыздар саны - 75.

Сұрақтар туындаған жағдайда сіз жүгіне аласыз:

Астана қаласының Тұрғын үй орталығы: Республика даңғылы, 32.

109 (ұялы телефондар үшін) – iKomek

300 (ұялы телефондар үшін) – «Отбасы банк» АҚ.

Бағдарламаға қатысушылар

Іріктеуден өту үшін ЖАО-дан жолдама алған қатысушылар.

Кредит беру шарттары:

Бастапқы жарна – қарыз сомасының 10%-ы;

Қарыздың нысаналы мақсаты – «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ кепілдігі болған кезде салынып жатқан объектілерде бастапқы және қайталама нарықтарда тұрғын үй сатып алу;

Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 5%;

Қарыз мерзімі – 19 жылды қоса алған мерзімге дейін;

Қарыздың ең жоғары сомасы – 18 млн теңге.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл