Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Астанада ірі кәсіпорынның лауазымды тұлғалары 1 млрд жымқырды деген айыппен ұсталды
Жаңалықтар

Астанада ірі кәсіпорынның лауазымды тұлғалары 1 млрд жымқырды деген айыппен ұсталды

10.11.2023
1 мин
0
409
pinterest.com

Қаржылық мониторинг агенттігі Бас әскери прокуратураның үйлестіруімен “Қазарнаулыэкспорт” РМК лауазымды тұлғалары мен бақылауындағы заңды тұлғалардың басшыларын ұстады, - деп хабарлайды Dauletten.kz тілшісі. 

“Олар мемлекеттік қорғаныс тапсырыстарын орындау аясында бағаны көтеру арқылы әскери және әскери-техникалық мақсаттағы тауарларды (өнімдерді) сатып алу кезінде 1 млрд теңгеге жуық бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінген”, - делінген ҚМА ақпаратында. 

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды.

“Қазарнаулыэкспорт” РМК-ның мақсаты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдарына, мемлекеттік материалдық резервтерге, жұмылдыру, ғарыш қызметіне азаматтардың қорғаныс қабілетін және құқықтық тәртіпті сақтауда көмек көрсету болып табылады”, - деп жазған ҚР ҚМА Баспасөз қызметі.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл