Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астанада бірқатар көпірлерді реконструкциялау және салу жұмысы жүріп жатыр, деп хабарлайды Dauletten.kz Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кенесары көшесінде Есіл өзені арқылы өтетін көпірді (ҚазГЗ университетінің ауданы) жобалау жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұл көпірдің құрылысы келесі жылы басталады деп жоспарланып отыр.
Сондай-ақ Тілендиев даңғылы-Ш.Бейсекова көшесінің қиылысында көлік айрығын салу жұмысы жүргізілуде. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Астана әкімі Жеңіс Қасымбек жол жұмысы құрылысының барысымен және жол-көлік желісін дамытудың перспективалық жоспарымен танысты.
Биыл 70-тен астам көше салынып, жөнделеді. Бұл Керей-Жәнібек хандар көшесі Қабанбай батыр даңғылынан Сауран көшесіне дейін, Мәңгілік Ел даңғылы Салтанатты қақпадан Хусейн бен Талал көшесіне дейін, Ғұмар Қараш, Қордай, Бурабай, Белжайлау, Кенесары көшелері Ғабдуллин көшесінен Республика даңғылына дейін, Уәлиханов көшесінің Кравцов көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейін, Тәшенов көшесінің Республика даңғылынан Амман көшесіне дейін, Иманбаев көшесі Иманов көшесінен Кенесары көшесіне дейін және т.б. тағы 300 көше ағымдағы жөндеумен қамтылады. Жұмыстың бір бөлігі аяқталды.
Сонымен қатар, биыл 400 жаңа автобус жеткізіледі. Олардың 90-ы қалаға келді.