Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
City Transportation Systems төрағасы Ғани Тәжиев мәслихат отырысында Астанада LRT пойызы 2025 жылдан ьастап іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz.
«Жобаны жеделдету үшін екі кезеңмен іске қосу жоспарланған. Бірінші кезеңде, яғни 2025 жылы алғашқы ЛРТ іске қосылады. Бірінші кешеннің жалпы сомасы-1 млрд 152 млн доллар немесе жобаның жалпы құнының 61%. Осы уақытта сегіз станция салынып, бес жылжымалы құрам іске қосылады. Құны 735 млн доллар немесе жалпы құнының 39% құрайтын екінші іске қосу кезеңінде қалған 10 станция пайдалануға беріледі. Қосымша 14 бірлік жылжымалы құрам іске қосылады. Аяқталу мерзімі 2026 жылдың соңына дейін», - деді Ғани Тәжиев.