Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елордада осы жылы әлеуметтік нан бағасы 95 теңге көлемінде сақталады. Бұл жөнінде қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жаңабаев айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Өңірлік коммунакациялар орталығында өткен брифингіде ол астық бағасының түсіп жатқанын хабарлады. Сондықтан қаланы әлеуметтік маңызы бар нанмен қамтамасыз ету үшін ірі ұн өндіретін компаниямен келісім жасалып, аталмыш компания 5 мың тонна ұн бөлетін болады. Бұл келісім қаладағы әлеуметтік нан бағасын 95 теңгеден асырмай ұстауға мүмкіндік береді.
«Біздің нан өндірушілер осы ұннан жыл бойы дүкен сөрелеріндегі бағасы 95 теңге болатын нан өндіре алады. Ұн өндіретін компания нан өндірушілерге ұнды тікелей жеткізіп тұрады», - деді Мақсат Жаңабаев.
Фото: atr.kz