Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өткізілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Музейінің 10 жылдығына арналған Қазақстан музей конгресіне 12 елден 100-ден астам зерттеуші қатысты. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ауқымды Іс-шараға Әзербайжан, Армения, Венгрия, Иран, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан және Францияның 100-ден астам музей қызметкері мен зерттеушілері қатысты. Конгресс жұмысына ТҮРКСОЙ Музейлер кеңесінің халықаралық сарапшылары, қатысушы елдердің жетекші ұлттық музейлерінің басшылары, ЮНЕСКО жанындағы Ұлттық комиссия мен халықаралық өнертанушылар қауымдастығының мүшелері, ғалымдар, көрнекті қоғам қайраткерлері мен жетекші музей қызметкерлері, студенттер қатысты.
Мәдениет және ақпарат министрінің конгресс қатысушыларына арналған құттықтау хатын кеңесші Шерхан Талап оқыды.
Аида Балаеваның айтуынша, Қазақстан музей конгресі отандық музей ісін дамытуға, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға оң ықпал етеді.
Конгресс аясында пленарлық отырыстар, ғылыми-практикалық конференция, дөңгелек үстелдер мен семинар-тренингтер өтті. Мұражайдың мәдени-білім беру қызметінің өзекті мәселелері және оны іске асыру жолдары мен мүмкіндіктері талқыланды.
Конгресс алыс-жақын шетелдерден келген музей басшыларымен меморандумға қол қою рәсімімен аяқталды.