Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астанада экстази мен мефедрон таратты деген күдікпен 26 жастағы азамат ұсталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Полицияға оның есірткі саудасымен айналысуы мүмкін екені туралы ақпарат түскен. "Қарасора-2025" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері күдіктіні Нажмиденов көшесіндегі көпқабатты үйдің жанында ұстады. Пәтеріне жүргізілген тінту кезінде 314-тен астам орама табылды. Олардан жасыл түсті, таблеткаға ұқсас заттар мен ерекше иісі бар ақ ұнтақ тәркіленді.
Сараптама нәтижесі бұл заттардың құрамында MDMA (белгілі атауы — экстази) және меткатинон (мефедрон) бар екенін көрсетті.
Тергеу барысында күдіктінің есірткі таратуды интернет-дүкендердің бірі арқылы жүзеге асырғаны анықталды. Ол үйлестірушіден нұсқау алып, "тауарды" қабылдап, таратумен айналысқан.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Медициналық куәландыру барысында күдіктінің есірткі қолданғаны белгілі болды. Осыған байланысты сот шешімімен ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 тәулікке арнайы қабылдағышқа қамалды. Бұл мерзім аяқталған соң, ол тергеу аяқталғанға дейін уақытша ұстау изоляторына ауыстырылады.
Полиция синтетикалық және өзге де есірткі мен психотроптық заттарды «жасырын қоймалар» арқылы таратудың қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.