| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Биыл Астанада бұрынғы «Сергек» жүйесі тоқтап, оның орнына жасанды интеллект негізіндегі жаңа бейнебақылау жүйесі іске қосылады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жаңа жүйе қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысын бақылауға, құқық бұзушылықтарды дер кезінде тіркеп, жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
Бексұлтан Қуандықтың сөзінше, қалалық инфрақұрылымды басқаруға арналған AI-жобасы Астанада мемлекеттік-жекеменшік әріптестік форматында іске қосылды.
- Жоба қалалық жүйелердің қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған, – деді ол.
Жүйе 10 000 қоғамдық камера, жол қозғалысын тіркеуге арналған 502 аппараттық-бағдарламалық кешен, сондай-ақ басқа ұйымдарға тиесілі 5 000 камераны интеграциялауды қамтиды.
Камералардан алынған ақпарат Жедел басқару орталығына және Бірыңғай жағдай орталығына жіберіліп, оқиғаларға жылдам жауап беруге жағдай жасайды.
Жаңа жүйе Астананы smart city деңгейіне жақындатады, қала инфрақұрылымын тиімді басқаруды, жол қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті күшейтуді қамтамасыз етеді.
Дегенмен кейбір тұрғындар мен сарапшылар жаңа камералар жүйесінің айыппұл санын көбейтетінін, кейде тек бақылау үшін қолданылуы мүмкін екенін де айтып отыр.
Қалалық әкімдік бұл жүйенің негізгі мақсаты – қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету екенін жеткізді.