Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгін Астанада Республика күніне арналған MNU Indoor Triathlon спорттық шарасы өткізілді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл спорт түрінің дәстүрлі триатлоннан айырмашылығы, мұнда барлық кезеңдер – жүзу, веложарыс және жүгіру бір адамның емес, команданың бірлескен күшімен өтеді. Сайысқа әрқайсысы үш адамнан тұратын 10 команда қатысты. Командалар студенттер, түлектер, қызметкерлер және университеттің серіктестерінен құрылып, университет қауымдастығындағы әртүрлі топтардың бірлігі мен ынтымақтастығын бейнеледі.
MNU Indoor Triathlon қатысушылардың жоғары спорттық дайындығы мен бірлігін көрсетті, сондай-ақ жеңіске жетудегі командалық жұмыстың маңыздылығын айқындады.
MNU басқарма төрағасының орынбасары Айұр Кәрібозова барша қатысушыны Республика күнімен құттықтап, бұл мерекенің елдің бірлігі мен дамуы үшін аса маңызды екенін ерекше атап өтті. Сондай-ақ триатлонға қатысушыларға сәттілік пен табандылық тілеп, олардың тамаша нәтижелер көрсететініне сенім білдірді.
Басты жүлде – MNU Power кубогын "Ақ жолбарыстар" командасы жеңіп алды. Сондай-ақ марафонның жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы медальдармен және құнды сыйлықтармен марапатталды.