Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда тағы 2 көпір салынады
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда тағы 2 көпір салынады

14.02.2022
1 мин
0
918

Нұр-Сұлтандағы көлік кептелісі мәселесін шешу үшін 2 көпір салу жоспарланып отыр. Бұл туралы қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы Жансұлтан Сапарбаев мәлім етті.

«Қалада көлік кептелісі әлі де өзекті. Әсіресе, Мәңгілік ел даңғылы бойында, атап айтқанда Министрліктер үйі мен Ұлттық банк аралығында. Бұрын жарты сағаттап тұрсақ, қазір 1,5 сағатқа дейін созылады. Мәңгілік ел даңғылымен қатар орналасқан Ә.Бөкейханов көшесінде де жағдай мәз емес, жөндеу керек. Осы мәселелер қалай шешілмек?» - деп қалалық мәслихаттың депутаты Нұрдәулет Оразханов сауал жолдаған. 

Депутат сауалына қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы Жансұлтан Сапарбаев жауап берді. 

«Жалпы сол жағалаудағы кептеліс мәселесін шешу үшін қосымша екі көпір салу қажет. Алғашқысы – Тәуелсіздік, екінші көпір – Ұлы дала даңғылында. Бүгінде Тәуелсіздік даңғылындағы көпір құрылысының монтаждау жұмысы басталды. Республикалық бюджеттен қаржы күтіп отырмыз. Көпір құрылысы үшін 7 млрд теңгеге жуық қаражат керек. Ұлы дала бойында салынатын көпір бойынша мердігер компания анықталды. Ол жерде жұмыс бүгін басталады. Көпірді қала күніне орай қолданысқа беруге тырысамыз. 2 көпір іске қосылғаннан кейін Мәңгілік ел, Тұран, Қабанбай батыр даңғылдарының бойындағы кептеліс реттелуі тиіс», - дейді ол. 

Одан бөлек, басқарма басшысының айтуынша, Бұқар жырау көшесіндегі былтыр басталған көпір биыл пайдалануға берілмек.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл