489.33
566.3
6.74
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елордада талапкерді оқуға түсіремін деп 8 млн теңгені жымқырған күдікті ұсталды
Жаңалықтар

Елордада талапкерді оқуға түсіремін деп 8 млн теңгені жымқырған күдікті ұсталды

12.06.2026
мин
0
115

Астанада аса ірі көлемдегі алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс тергелуде, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

32 жастағы ер адам елордадағы сауда ойын-сауық орталықтарының бірінің маңында жәбірленушімен танысып, өзін жоғары оқу орындарына талапкерлерді оқуға түсірумен айналысатын арнайы орталықтың өкілі ретінде таныстырған. Ол азаматтың сеніміне кіру мақсатында шетелдік университеттермен де байланысы бар екенін айтып, қысқа мерзім ішінде оқуға грантсыз қабылдауға, құжаттарды рәсімдеуге және шетелдік оқытушыларды тартуға көмектесетінін жеткізген.

Күдікті оқу ақысын төлеу, құжаттарды жедел рәсімдеу және арнайы дайындық бағдарламаларын ұйымдастыру қажет деген сылтаумен жәбірленушіден бірнеше мәрте ақша алған. Осылайша алдау және сенімге қиянат жасау жолымен жалпы сомасы 8 млн теңгені иемденген.

Уәде етілген қызметтер уақытылы орындалмағаннан кейін жәбірленуші күдіктіден күмәнданып, құқық қорғау органдарына жүгінген. Тергеу барысында күдіктінің ешқандай білім беру ұйымдарымен ресми байланысы болмағаны анықталды.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл