Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Астанада Тәуелсіздік күніне орай қандай іс-шаралар өтеді?
Жаңалықтар

Астанада Тәуелсіздік күніне орай қандай іс-шаралар өтеді?

13.12.2024
мин
0
829

Елордада Тәуелсіздік күніне орай 50-ден астам түрлі мерекелік және ресми іс-шара, оның ішінде көрмелер, концерттер, сурет байқаулары, турнирлер мен спартакиадалар өтеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

14 желтоқсанда қала тұрғындары мен қонақтары үшін қызықты іс-шаралар өткізіледі. Бұл күні сағат 10:00-де "Қазанат" ипподромында қалалық жарыстар өтеді, ал №29 орта мектепте "Әкелер кеңесімен" бірлесіп, 5-11 сыныптар арасында футболдан турнир ұйымдастырылады. Сонымен қатар Сарыарқа ауданы әкімінің аппаратында "Мен өз жетістіктерімді Отаныма арнаймын" челленджінің және қалалық, республикалық олимпиаданың жеңімпаздарымен кездесу жоспарланып отыр.

14 желтоқсанда Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония "Қоңыр үнді аманат" және "Ән салайық бәріміз" мерекелік концерт шақырады.

15 желтоқсан күні М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында "Әлия" спектаклі ұсынылады.

16 желтоқсанда Ә.Мәмбетов атындағы Мемлекеттік драма және комедия театрында жазушы, ақын және драматург Мұхтар Шахановтың "Танакөз" поэмасы бойынша спектакль өтеді.

17 желтоқсан күні сағат 19:00-де Музыкалық жас көрермен театрында "Абай-Тоғжан" спектаклі өтеді.

Сонымен қатар Тәуелсіздік мерекесіне орай, Байқоңыр ауданының көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларының балаларына кинотеатрларға тегін бару, зейнеткерлердің ауласын қардан тазалауға көмектесу және азық-түлік тарату бойынша "Қамқорлық мекенжайы" акциясы өтеді.

Жастар сарайының алаңында аудан тұрғындарына арналған мұзды қалашық ашылып, конькиден тегін сырғанау және қысқы спорт ойындары өткізіледі. Аудан ұйымдарының арасында үстел теннисінен турнир өткізу жоспарланып отыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл