| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астанада үстіне кондиционер құлаған фельдшер көз жұмды. Бұл туралы Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
- Тұрғын үй кешенінің қасбетіндегі кірпіш қаптама мен кондиционер қондырғысының бөлігі құлауы салдарынан қызметтік міндетін атқару барысында ауыр жарақат алған фельдшер 18 қарашада көз жұмғанын хабарлайды, - делінген хабарламада.
8 қарашадан бері пациент реанимация бөлімінде өте ауыр жағдайда болып, оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді. Өкінішке қарай, алған жарақаттары тым ауыр болып, науқас қайтыс болған.