Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Астанада V Халықаралық энергия үнемдеу форумы өтуде
Жаңалықтар

Астанада V Халықаралық энергия үнемдеу форумы өтуде

10.11.2023
1 мин
0
431

Бүгін Астанада энергия үнемдеу күніне орай дәстүрлі V Халықаралық энергия үнемдеу форумы басталды. Форум «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп, БҰҰ Қазақстандағы Даму бағдарламасының, «Орталық Азиядағы орнықты энергетикалық байланыстар» Еуропалық Одағының (SECCA), Неміс халықаралық ынтымақтастық қоғамының (GIZ), АҚШ халықаралық даму агенттігінің (USAID) және Неміс энергетикалық агенттігі DENA т. б. қолдауымен ұйымдастырылған.

Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, форумның басты мақсаты - жетекші сарапшылар арасында сындарлы пікір алмасуға жәрдемдесу және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы өзара тиімді әріптестік қатынастарды нығайту.

Халықаралық энергия үнемдеу форумының негізгі міндеттері:

  • Қоғамда энергия үнемдеу мәдениетін насихаттау және тарату.
  • Жаңа және тиімді шешімдерді дамытуға ықпал ете отырып, энергия үнемдеу саласына инвестициялар мен инновацияларды тарту.
  • Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу, қазақстандық және шетелдік кәсіпорындар арасында тәжірибе мен озық технологияларды алмасу үшін оңтайлы алаң құру.

2022 жылғы энергия үнемдеу саясатының нәтижелері экономиканың энергия сыйымдылығын 11%-ке төмендетуге қол жеткізуге мүмкіндік берген. ЭЫДҰ жаһандық стандарттарына сәйкес 2030 жылға қарай оны 15%-ке төмендету міндеті қойылды.

Форумда Қазақстанның түрлі секторларындағы энергия тұтынудың ағымдағы жағдайы талқыланады. Сондай-ақ шара барысында халықаралық қаржы институттарының өкілдері энергия үнемдеуге бағытталған жобаларды қаржыландыру бойынша өз бағдарламаларын ұсынады деп жоспарланған. Шара барысында энергияны үнемдеу саласындағы әртүрлі цифрлық шешімдер мен инновациялар ұсынылатын болады.

 

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл