Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
18 қыркүйекте Достық көшесі, 12/1 мекенжайындағы 8 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан KaRima кафесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Оқиға орнына дереу әкімдік, Төтенше жағдайлар департаменті және қалалық Полиция департаментінің өкілдері барып, жедел штаб құрылды. Құтқарушылар мен полицейлердің үйлесімді жұмысының арқасында өрт қысқа уақытта толық сөндірілді.
Абырой болғанда, зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, тілсіз жаудан 8 пәтер зардап шеккен. Тұрғындар уақытша қаладағы қонақүйлерге орналастырылуда. Әкімдік пен жауапты органдар барлық бағытта көмек көрсететінін хабарлады.
Жақын тәуліктерде бүлінген пәтерлерді жөндеу және үйдің қасбетін қалпына келтіру жұмыстары басталады. Бұл шығындар KaRima кафесі иелерінің қаражаты есебінен өтелмек.