| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астана маңында жүк пойызына заңсыз мінбек болған екі жасөспірімнің бірі биіктен құлап, жарақат алды. Оқиға теміржол станциясында болған, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Оқиға 11 сәуір күні Целиноград ауданы аумағындағы Жайнақ станциясында, Астана – Атбасар бағытында тіркелді.
Алдын ала мәлімет бойынша, жүк пойызының машинисі вагондарда бөгде адамдарды байқап, құрамды шұғыл тоқтатуға мәжбүр болған. Ол жасөспірімдердің өміріне қауіп төніп тұрғанын түсініп, дереу тиісті қызметтерге хабар берген.
Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері 14 және 16 жастағы екі жасөспірімді анықтаған. Белгілі болғандай, олар пойызға жармасып, заңсыз жол жүруге әрекеттенген.
Тәртіп сақшылары оларды түсіруге әрекет жасаған сәтте жасөспірімдер қашуға тырысқан. Сол кезде олардың бірі биіктен құлап, бұғана сүйегін сындырған. Екіншісі жеңіл жарақат алып, аяғын қайтарып алған.
Жарақат алған жасөспірім медициналық мекемеге жеткізілді, ал екіншісі ата-анасына тапсырылды.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Мамандар жасөспірімдердің пойызға қалай мінгенін және сол сәтте пойыздың қозғалыста болған-болмағанын тексеруде.
Құзырлы органдар теміржолдағы мұндай қауіпті әрекеттердің адам өміріне тікелей қатер төндіретінін ескертіп, заңсыз міну әрекеттері қатаң бақылауда екенін мәлімдеді.