Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Атырау облысының Құлсары қаласында "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында салынып жатқан жаңа мектептің шатыры құлады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Оқу орны 1200 оқушыға арналған және оны 2025 жылдың соңына дейін тапсыру жоспарланған болатын.
"Samruk-Kazyna Construction" АҚ алдын ала мәлімет бойынша, төбенің құлауына құрылыс материалдарын дұрыс сақтамау себеп болғанын хабарлады. Атап айтқанда спорт залының шектеулі аумағына салмағы 6 тоннадан асатын шатыр материалдары қойылып, конструкцияға зақым келген.
Жобаға мердігер ретінде "Turan Ascent" ЖШС, ал тапсырыс беруші тарапынан "Samruk-Kazyna Construction" қатысуда. Қазір арнайы комиссия құрылып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.