Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Атырау қаласында 38 миллион теңгеге 5 қоғамдық дәретхана салынған. Бұл туралы «Ақ Жайық» басылымы хабарлады.
Қалалық тұрғын үй-коммуналды шаруашылық мамандарының айтуынша, дәретханалар қала тұрғындарының сұрауы бойынша орнатылған.
«Жұмсалған ақша құжаттарды әзірлеу, салық пен банк комиссиясын есептегенде қымбат емес. Қала жылдам дамып жатыр. Қала халқының демалысы дәретханаларды іздеумен өтпеуі керек», – дейді қалалық тұрғын үй-коммуналды шаруашылық өкілдері.
Еске сала кетейік, өткен жылы Семей қаласында 18 млн теңгеге 2 дәретхана, Алматы қаласында 96,5 млн теңгеге 10 дәретхана салынған еді.