| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Атыраудағы «Керемет» саябағында өрт болды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Атыраудағы «Керемет» саябағы аумағында орналасқан ойын-сауық нысандарының бірі өртке оранды. Оқиға «Қорқыныш бөлмесі» аттракционында болған.
Куәгерлердің мәліметінше, өрт сөндірушілер жеткенше жалын ғимаратты толық шарпып үлгерген. Соның салдарынан нысан түгелдей жанып кеткен.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, өрт шыққан сәтте аттракцион ішінде ешкім болмаған. Сонымен қатар саябақ та жабық тұрған. Сондықтан оқиғадан зардап шеккендер тіркелген жоқ.
Қазіргі уақытта өрттің нақты шығу себебі белгісіз. Тиісті қызметтер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.